Жаңа Kia
Сен көтерілген жаңа деңгей
Интеллектуалды қауіпсіздік және жүргізушіге көмек жүйелері
Сандық аспаптық панель 12"
Terrain mode – жол жағдайына бейімделу жүйесі
Жаңа Sorento өзінің батыл, динамикалық бейнесімен тартып қана қоймайды. Ол табиғаттың берген күші мен ақылын пайдалана отырып, саналы саяхат жасауға мүмкіндік береді.
Автокөліктің алдыңғы бөлігінің дизайны футуризм ағымына тән әрі ерекшелене түскен. Көлемді радиатор торы және «Жұлдызды карта» жүріс шамының фирмалық тік графикасы жол талғамайтын көліктің озық бейнесін ерекше көрсетеді. Тік артқы шамдар Sorento-ға әсіресе, қараңғы уақытта айқын көрініс береді. Қара диффузоры бар әсерлі бампер төсемі кроссовердің қолайлы екенін баса көрсетеді.
Новая графика «Звездная карта», соединяющая два вертикальных задних фонаря, отражает новый стиль дизайна Kia
Широкая задняя панель в сочетании с черной облицовкой создает образ солидного внедородника
Интерьері жинақы әрі көлденеңінен айқын түрде аймақтарға бөлінген. Салон дизайнының маңызды элементі – барлық дисплейлер біріктірілген үлкен панорамалық экран. Дисплей графикасы – әдемі әрі көрнекі. Басқару элементтері интуитивті түрде түсінікті орналастырылған, оларға қол жеткізу ыңғайлы, алаңдататын факторлар аз. Салонда таза, пішіндері мен сызықтары біркелкі кеңістік бар.
Технологиялар кейде біз ойлағаннан әлдеқайда көп көмектеседі. Жаңа Sorento-дағы жүргізуші интерфейсі көлденең бағытталған, ал оның барлық ауқымды функционалы қабылдау үшін ыңғайлы және қарапайым етіп ұйымдастырылған.
Біріктірілген иілген экран жүргізушінің ақпаратқа толық назар аударуына мүмкіндік береді. Жоғары сапалы үлкен форматты кескіндер деректердің нақты көрінісін қамтамасыз етеді.
Сандық айна оның төменгі жағындағы тұтқаның көмегімен оптикалық айна мен камера дисплейінің режимдері арасында ауыстырылып қосылады, бұл артқы көріністі қауіпсіз етеді.
Пайдаланудың ыңғайлылығы мен тиімділігі контроллерді «Мультимедиа» және «Климатты бақылау» режимдері арасында ауыстырып-қосу мүмкіндігі есебінен қамтамасыз етіледі.
Жаңа Sorento сапарлардағы жайлылық деңгейін жаңа биіктерге көтереді — бұл материалдар мен әрлеу сапасы, орындықтардың сенімділігі немесе ойластырылған жабдықталымы турасында айтылған. Сұлулық тек сыртта емес, автокөліктің интерьерінде.
Резеңке жабыны бар сымсыз қуат беру панелі орталық консольде орналасқан және үйлесімді смартфондарға жылдам қуат беруге мүмкіндік береді.
Егер трансмиссия селекторы Park күйінде болса, жүргізуші мен алдыңғы жолаушы Relaxation қызметін іске қоса алады: алдыңғы орындықтар салмақсыздық кезіндегідей жатуға болатын күйге ауыстырылады. Тіпті, аяққа қосымша тірек ұйымдастырылған.
Smart key алып жүргенде автокөліктің артында тұрсаңыз, бірнеше секунд өткен соң жүк салғыш автоматты түрде ашылады. Артқы есікті көтерудің ыңғайлы биіктігін теңшеуге болады.
Ішінде жеті ауа ұяшығы бар эргономикалық орындық көлік жүргізу кезінде жүргізушінің жайлылығын қамтамасыз етеді.
Алдыңғы жолаушылар отырғышының сол жағында орналасқан түймешені басу арқылы жүргізуші орындықтың арқасын бүктеген кезде оны уақытша алға жылжыта алады. Осылайша, жолаушыларға орындықтардың артқы қатарына отыру немесе керісінше, автокөліктің ішінде отырып одан шығу ыңғайлы болады.
Жол жағдайларына бейімделу жүйесінің (Terrain Mode) арқасында Sorento кез келген жол төсемдерінің бойымен (SNOW — қар, MUD — балшық, SAND — құм режимдері) біркелкі жүруді қамтамасыз етеді.
Ауыстырып-қосқышты жай ғана бұрау арқылы қолайлы режимді таңдаңыз. Қолжетімді режимдер: COMFORT, ECO, SPORT және SMART, сіздің жүргізу тәсіліңізге сәйкес келетін интеллектуалды оқу алгоритмі бар.
Жаңа Sorento жабдықталған Terrain Mode толық жетекті жұмыс режимін таңдау жүйесі қар, балшық немесе құм сияқты нашар жабынмен ілінісу жағдайында қауіпсіз әрі сенімді қозғалысты қамтамасыз етеді.
Самая важная информация о движении выводится на проекционный дисплей в нижней части лобового стекла перед глазами водителя ‒ вы всегда можете считать ее, не отвлекаясь от дороги.
Жүргізушіге көмек көрсетудің заманауи кіріктірілген қызметтері жол жағдайына байланысты автокөліктің қауіпсіз жылдамдығы мен жол жағдайын сақтауға көмектеседі.
Жолақты ауыстыру кезінде жасырын аймақта қалған басқа автокөлікпен соқтығысу қаупі туралы ескертеді. Параллель тұрақтан шыққан кезде автоматты түрде көмекке келеді және артқы жағынан келе жатқан көлік құралымен соқтығысу қаупі болса, шұғыл түрде тежеуді басады.
Бұл автокөлікті таңдалған қозғалыс жолағының ортасында ұстауға көмектеседі, ол үшін алдыңғы камераны пайдаланып, белгіленімге немесе алдында келе жатқан автокөлікке назар аударады, сонымен қатар рульдік басқарудың көмегімен дұрыс қалыпты сақтауға көмектеседі.
SCC интеллектуалды круизді бақылау алдыңғы автокөлікке дейін қауіпсіз қашықтықты сақтауға, өзіңіз белгілеген жылдамдықты сақтауға көмектеседі.
Қоршаған жағдайға мониторинг жүргізеді және соқтығысу қаупі болса, ескерту береді. Егер қауіп басылмаса, FCA 2 тежегіш жүйесін автоматты түрде іске қосады.
Егер артпен жүрген кезде автокөліктің артындағы затпен соқтығысу қаупі болса, ескерту жасайды. Егер мұндай ескертуден кейін соқтығысу қаупі артса, төтенше тежеу автоматты түрде іске қосылады.
Қауіпсіз тұраққа қою үшін автокөлікті қоршаған ортаның әртүрлі көру бұрышының экранына шығаруға мүмкіндік береді.
Жаңа Sorento уақыт сынынан өткен қозғалтқышпен және оңтайлы теңшеулері бар трансмиссиямен жабдықталған. Ол жолда туындауы мүмкін кез келген қиындықты қабылдауға дайын. Тежеу сенімді әрі тамаша басқарылады, жаңа аспа тамаша біркелкі жүруді қамтамасыз етеді. Sorento динамикасының ойыңыздағыдан да артық болатыны сөзсіз.