Kia
Ағынды басқару
GT Line нұсқасы
Интеллектуалды қауіпсіздік және жүргізушіге көмек жүйелері
Біз Kia Ceed тобын не үшін құрдық? Көлік жүргізу тек рақат емес, одан да артық деп санаймыз. Бұл бізге басқаша ойлауға, креативті болуға, жаңа байланыстар орнатуға болатын жерлерді ашуға көмектеседі. Егер екеуміздің ойымыз бір жерден шықса, біздің тобымызбен дәл қазір танысуды бастаңыз
Талғампаз Kia Ceed-тің әсерлі заманауи стиліне қараңызшы. Фирмалық радиатор торындағы «жолбарыстың күлкісі» деген спорттық екпінді бағалап, хроммен безендірілген алдыңғы бөлігінің әсерлі дизайнынан шабыт алыңыз. Артқы жарықдиодты шамдарға қараңызшы, олардың батыл пішінін және танымал жарық суретін бірден байқайсыз.
Күндізгі жарықдиодты жүріс шамдары бар толық жарықдиодты фаралар. Олардың жұмсақ жарығы көлікті қараңғыда ыңғайлы және қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді.
Өлшемі 17 дюймдік, екі түсті жеңіл қорытпалы дискілер.
Түпнұсқа оптика суреті бар жарықдиодты артқы шамдар автокөліктің артқы көрінісін безендіріп, оны сәнді етеді. Ал әсерлі жарық ең шуақты күндері де ағынның ішінен сізді ерекшелендіріп тұрады.
Kia Ceed-тің жетілдірілген әрі интуитивті түсінікті бүкіл интерьері жүргізушінің айналасында орналасқан. Салонда кең отырасыз, жұмсақ материалдарға жанасқан жайлы, бұл салонның жоғары сапасын көрсетеді.
Жайлы салонға ыңғайлана отырғаннан кейін технологиялар мен инновациялар 10,25” сенсорлық дисплейі бар навигациялық жүйе арқылы автокөлікпен және айналаңыздағы әлеммен қалай байланыс орнатуға көмектесетінін білесіз. Өз көзіңізбен көресіз, бұл ұмытылмас тәжірибе.
Навигациялық және аудиожүйенің үлкен ақпараттық дисплейінің көмегімен бейтаныс жерде оңай бағыт таба аласыз, музыканы сыртқы тасымалдаушылар арқылы теңшей аласыз, сонымен қатар жол туралы көптеген қажетті ақпаратты ала аласыз.
Apple CarPlay – қозғалыс кезінде iPhone-ды қолданудың жетілдірілген және қауіпсіз тәсілі. Жүйе өзіңізге қажет деректерді жинайды және оны экранға шығарады. Осының арқасында бағыт құра аласыз, телефон арқылы қоңырау шала аласыз және жолға алаңдамай, музыка тыңдай аласыз.
Кескінді мультимедиа жүйесінің экранына шығаратын артқы көрініс камерасы тар қала жағдайында да маневр жасауды жеңілдетеді, оның оңай және қауіпсіз екенін түсінесіз.
Kia Ceed-те автокөлігіңізді мүмкіндігінше ыңғайлы және жайлы ету үшін қажет нәрсенің бәрі жинақталған. Барлығын өзіңіз сәйкестендіріп реттеңіз және ыңғайлана отырыңыз. Автокөлікті мүмкіндігінше ұзақ уақыт өткізгіңіз келетін жерге айналдырыңыз.
Салонда қажетті климатты сақтау үшін жүргізуші мен жолаушы үшін жеке климатты реттеуге арналған кәдімгі қолмен басқарылатын кондиционерді де, екі аймақтық климатты бақылауды да таңдауға болады.
Жылытылған алдыңғы және артқы орындықтар ыңғайсыз ауа-райында сізге және жолаушыларға қамқорлық жасайды.
Орындықты қайта-қайта реттеудің қажеті жоқ. Жад жүйесі 2 жүргізушіге арналған орындық қалпының теңшеуін сақтап қояды
Берілістерді саусақтың ұшымен жылдам өзгерту автокөлікті толық бақылау сезімін береді.
Автокөлікке кілтсіз кіру және қозғалтқышты қашықтан іске қосу жүйесі – ыңғайлы және пайдалы шешім, мұны бағалайтыныңыз анық.
Кең магистраль шағын өлшемді спорттық жабдықтарды оңай орналастырады және бірнеше чемодан және кең артқы есік оңай тиеуді қамтамасыз етеді.
Егер әсерлі динамика, батыл спорттық стиль және инновациялық жабдық сіз іздеген нәрселер болса, GT Line жабдықталымына көңіл аударыңыз. Алдыңғы бампердің жаңа спорттық дизайны мен сәтен хроммен қапталған радиатор торы көздің жауын алады.
Капоттың астында 1,5 Т 150 а.к. жаңа турбиналық қозғалтқыш орнатылған, ол жақсартылған динамиканы қамтамасыз етеді мен жүргізу кезінде ерекше әсерге бөлейді.
Екі ілінісі бар 6-сатылы автоматпен немесе 7-сатылы роботты трансмиссиямен жұптаса жұмыс істейтін, қуаты 128-ден 150 а.к.-ға дейінгі екі бензин агрегатының бірін таңдаңыз.
Сайтта қамтылған Kia бренді өнімдерінің бағалары туралы мәліметтер тек ақпараттық сипатта. Көрсетілген бағалар Kia дилерлерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Kia өнімдерінің өзекті бағалары туралы толық ақпарат алу үшін Kia дилерлеріне хабарласыңыз. Kia брендінің кез келген өнімін сатып алу жеке сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұсынылған автокөліктің суреті сатылатын автокөліктен өзгеше болуы мүмкін.
Осы сайтта Құқықтық ақпарат бөлімінде көрсетілген тіркелген тауар белгілері пайдаланылады https://kia.com.kz/information/
Үдеу уақыты бойынша деректер эталондық отын пайдалану кезінде арнайы өлшеу жабдығын қолдана отырып, эталондық жағдайларда алынды. Үдеудің нақты уақыты әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен өзгеше болуы мүмкін, олар: ылғалдылық, қоршаған ауаның қысымы мен температурасы, пайдаланылатын отынның фракциялық құрамы, жер бедері, жол жамылғысының сипаттамалары, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, шиналардағы қысым, сондай-ақ олардың өлшемі, маркасы мен моделі, тасымалданатын жүктің массасы (жүргізуші мен жолаушыларды қоса алғанда) және жүргізу дағдылары. Автокөлік жабдықталымындағы айырмашылықтар мен әртүрлі нарықтардағы талаптарға байланысты модельдердің сипаттамалары жоғарыда көрсетілгендерден өзгеше болуы мүмкін. Kia компаниясы алдын ала ескертпей, автокөліктердің конструкциясы мен жабдықталымына өзгерістер енгізуге құқылы.