2025 ж. 20 маусымы, Алматы – Қазақстандағы Kia-ның ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамына кіретін Allur Motor Qazaqstan компаниясы 1 маусымнан бастап Қазақстан нарығында жаңартылған K8 премиалды седанының сатылымы басталатынын хабарлайды.
Kia K8 дегеніміз – керемет дизайн мен озық жоғары технологияның үйлесімі, оны тізгіндеген жан өзінің даралығын көрсете алады. Өмірінде ғажайып сәттер көп болып, рақаттана өмір сүре алады. K8-дің соңғы буыны 2021 жылы нарыққа шығып, өз санатындағы жаңа стандарттарды орнатып, Kia бренді үшін алғаш рет бірқатар жаңа өнімдерді ұсынған болатын. Енді седан заманауи Kia модельдер қатарының жаңа стиліне сәйкес жетілдірілді, сонымен қатар ең озық жоғары технологиямен жабдықталды.
Экстерьері
Kia K8-дің сыртқы түрі брендтің «Қарама-қайшылықтардың бірлігі» (Opposites united) деген дизайн философиясына негізделген. Алдыңғы жағы әлемнің әртүрлі аймақтарында көптеген марапаттарға ие болған EV9 флагмандық электр моделімен және Kia-ның басқа да соңғы үлгілерімен ұқсас стильде жасалған. Тігінен бағытталған фаралар, жарықдиодты жарық сызығы және олармен біртұтас контур құра отырып, шанақтың бүкіл ені бойынша жанып тұратын үздіксіз жарық жолағы автокөлікке заманауи ғана емес, сонымен қатар футуристік көрініс береді. K8-дің профилі дөңгелек дискілерінің динамикалық дизайнын толықтыратын үйлесімді пропорциялар мен әсем силуэтінің арқасында барынша талғампаз көрінеді. Үлкен және әсерлі бамперлер (алдыңғы жағы – белсенді радиатор жапқышы бар) седанның сенімділігі мен заманауи әсерін күшейте отырып, айқындылық береді. K8-дің артқы жағы сәнді де сенімді көріністі үйлесімді түрде тиянақтап тұр. Мұндағы әсерлі дизайн элементтері ретінде алдыңғы жарық техникасымен үндесетін «Жұлдыз картасы» тұжырымдамасындағы көлденең хромдалған ұзартылған элементтер мен артқы шамдарды атап өтуге болады. Жүргізушіні талғампаз әрі сәнді «сәлемдесу жарығы» қарсы алады. Динамикалық жарық беру жүйесі алдыңғы фараларды, габаритті жарықты және артқы шамдарды қамтиды. Ол бір уақытта назар аударатын және автокөліктің стильді дизайнын баса көрсететін үш түрлі динамикалық жұмыс режимін ұсынады.
Kia K8 габариті (Ұ x Е x Б) 5050 x 1880 x 1465 мм, седанның дөңгелек базасы 2895 мм.
Интерьері
Kia K8 салонын дизайнерлер жайлы қонақ бөлме секілді жабдықтаған. Премиалды сапа ең жақсы стиль сезімін және жоғары санатты технологиялық шешімдерді үйлестірген. Кең салонда флагмандық бизнес седанның талғампаз стилі пішіндердің әсемдігімен және талғампаз әрі заманауи дизайнерлік элементтер әрлемесімен барынша ерекшеленеді.
Интерьер дизайнының негізгі элементтерінің бірі – сандық аспаптар панелі (диагоналі 12,3") мен ақпараттық ойын-сауық жүйесінің экраны (12,3") біріктірілген үлкен қисық панорамалық дисплей. Алдыңғы панельдің сәндік төсемелері Geonic фирмалық дизайнының арқасында өте әсерлі көрінеді, қараңғы уақытта алдыңғы панельде және салонның басқа аймақтарында динамикалық атмосфералық жарықты қосуға болады. Kia-ға арналған жаңа дизайнның руль дөңгелегі екі түсті әрлеуге ие және рульде қолдың болуының сыйымдылық берілгілерімен жабдықталған – HoD функциясының болуы (рульде қолдың болуын бақылау жүйесі) қауіпсіздікті жақсартуға ықпал етеді. Kia модельдері үшін алғаш рет екі қақпақты орталық шынтақ қойғыштың жылыту (орындықты жылытумен бірге жұмыс істейді) және ішкі бөліктің ультракүлгін зарарсыздандыру жүйесі бар.
Жүргізушінің Ergo motion отырғышы жеті жастығы бар пневматикалық жүйемен жабдықталған. Оларды толтыру қарқындылығы отыру және жайлану қызметтерін барынша ыңғайлы ету үшін реттеледі. Ergo motion орындығы автокөлік құралының қозғалысы мен жылдамдығын ескере отырып, оңтайлы бүйірлік қолдауды қамтамасыз етеді. Kia K8 алдыңғы және артқы орындықтары үш сатылы жылытумен және желдетумен жабдықталған.
Қазақстан нарығына арналған Kia K8 кеңейтілген «жылы опциялар» пакетіне ие, суық мезгілде жүргізудің жайлылығы үшін алдыңғы әйнек пен жуғыштың бүріккіштерін жылыту, сондай-ақ рульді жылыту қамтылған. Дыбыс оқшаулауды жақсарту және жайлылық деңгейін арттыру үшін барлық бүйірлік әйнектер екі қабатты. Салонда тыныш және жайлы атмосфераны қалыптастыруға түбінің күшейтілген шу оқшаулауы және шу деңгейі төмен шиналарды пайдалану ықпал етеді.
Артқы қатар жолаушыларды сәнді орындықтармен және әсерлі кеңістікпен қарсы алады, бұл оларға жайлылықтан рақаттанып, жайлануға мүмкіндік береді. Екінші қатардағы жолаушылар үшін ауаны баптау жүйесінің жеке аймағы қарастырылған, артқы есіктер мен артқы терезелердегі күн перделері қосымша жайлылық береді.
Kia K8 жылдам қол жеткізу тұжырымдамасын жүзеге асыратын ccNC ақпараттық ойын-сауық жүйесінің жаңа буынымен жабдықталған: әмбебап панельдің көп функциялы бөлімі мультимедиалық жүйе мен климатты басқару қызметтерін басқару арасында ауысу үшін таңбаны жай ғана басуға негізделген. Мультимедиа қызметтерін басқарудың жеке блогы артқы диванның жиналмалы шынтақ қойғышында көзделген. K8-де 14 динамигі бар премиалды Meridian аудиожүйесі бар, ол дыбыс сахнасына және дыбыстың табиғилығына тәнті болуға жағдай жасайды. Жүргізуші мен жолаушыларға ыңғайлы болу үшін салқындату жүйесі бар смартфондардың екі сымсыз қуат беру панелі, орталық консольдегі екі USB Type-C қосқышы бар модуль және артқы қатарға арналған екі USB Type-C қуат беру порты орнатылған.
Қозғалтқыштар, трансмиссиялар, салпыншақ
Қазақстандағы Kia K8 осы модель үшін қолжетімді Smartstream тобының 3,5 GDI (300 а.к., 359 н•м) атмосфералық бензин қозғалтқышымен жабдықталған, ол тиімділік көрсеткіштері мен берілістерді ауыстырудың біркелкілігі жақсартылған 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен қатар жұмыс істейді. Жақсы қасиеттерімен белгілі 3,5 GDI қозғалтқышы жоғары тиімділік пен үнемділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін озық технологияларды қолдана отырып жетілдірілген.
K8-дің негізгі жаңартуларының бірі – алдыңғы жетекпен қатар, ол енді AWD толық жетекті жүйесі түрінде қолжетімді. Бұл автокөлікті басқаруды жақсартады, жүргізушіге өзін сенімді сезінуге және қозғалысты жақсы басқаруға мүмкіндік береді, кез келген ауа-райында қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Kia K8 жасау үшін пайдаланылған заманауи N3 платформасы седанның басқарылуын жақсартуға, оның реакцияларын дәлірек етуге мүмкіндік берді. Электрондық басқарылатын бейімделгіш салпыншақ (ECS) автокөліктің күйі мен жол жағдайларын ескере отырып, нақты уақыт режимінде амортизаторлардың қаттылығын электронды түрде реттеудің арқасында жолдың тамаша тегістігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік
Пассивті қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі құрылымы өте берік болатты кеңінен пайдалану, сондай-ақ K8-ді он қауіпсіздік жастығымен жабдықтау арқылы шанаққа барынша қаттылық беру есебінен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жаңа орталық фронтальды жастық орнатылған, бұл соқтығысқан кезде жүргізуші мен жолаушылардың бастарының соғылуына жол бермейді.
Заманауи технологиялар қозғалтқышты іске қосқаннан бастап сапардың соңына дейін, яғни қозғалыстың барлық кезеңінде кешенді қорғауды қамтамасыз етеді. Олар барлық жүйелердің сенімді жұмысына кепілдік беріп қана қоймайды, сонымен қатар әр сапарды жағымды және қауіпсіз ету үшін ерекше жайлылық деңгейін қалыптастырады. Барлық қажетті ақпарат жүргізушінің алдындағы панорамалық дисплейде ыңғайлы форматта көрсетіледі. Сондай-ақ Kia K8-де жетілдірілген графикасы бар проекциялық дисплей орнатылған.
Премиалды бизнес санаттағы седанның деңгейінде көзделгендей, Kia K8 жоғары технологиялық қауіпсіздік және жүргізушіге көмек (ADAS) жүйелерінің кеңейтілген жиынтығымен жабдықталған. Атап айтқанда, бұл кешенге екінші буын жолағындағы қозғалыс көмекшісі (LFA 2), екінші буынның фронтальды соқтығысуының алдын алу жүйесі (FCA 2), жасырын аймақтарды бақылау жүйесі (BVM), жасырын аймақтағы автокөліктің соқтығысуына жол бермеу жүйесі (BCA), автокөліктен қауіпсіз шығу жүйесі (SEA), тұраққа қою маневрлеріндегі қашықтық туралы ескерту жүйесі (PDW), артқы жүріспен қозғалған кезде соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCA-R), интеллектуалды қашықтықтан тұраққа қою жүйесі (RSPA), интеллектуалды жарықты басқару жүйесі (IFS) кіреді.
Артқы жүріспен қозғалған кезде жарықдиодты бағыттаушы шамдар автокөліктің артындағы жолға жарық беріп қана қоймайды, сонымен қатар беткі қабатта әсерлі проекциялар жасайды, бұл маневр жасап жатқан автокөлікті жаяу жүргіншілер мен басқа жүргізушілер үшін айқынырақ көрсетуге мүмкіндік береді.
Жаңартылған K8 жабдықталымдары мен бағалары, сондай-ақ Қазақстан нарығына арналған Kia-ның барлық модельдік желісі туралы толық ақпаратты kia.com.kz сайтынан немесе брендтің ресми дилерлік орталықтарынан білуге болады.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-19:00
Сб-Жс 10:00-18:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-19:00
Сб-Жс 10:00-18:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Caspi ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2025 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»